
Бүгін таңғы 9 шамасында Шымкентте «Бәйтерек ЛБ» компаниясының тракторы мен «Лидер» компаниясына тиесілі Howo өзі аударғыш жүк көлігі (самосвал) соқтығысып, бес адам зардап шекті.
NUR.KZ жзғандай, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен бес жұмыскер трактордың тіркемесінде отырған. Қатты соққыдан тіркеменің алдыңғы белдігі үзіліп, аударылып қалады.
Абырой болғанда, трактор тіркемесінде болған гүлзар соққыны жеңілдетіп, адамдар өмірін ажалдан арашалап қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, үш азамат пен екі әйел адамды ауруханаға алып кетті.
Куәгерлердің айтуынша, трактор жүргізушісі Howo-ны басып озып, оның жолын кескен. Ал оның артындағы тіркемесінде бұрылатын жанғыш белгі мен тоқтағанын көрсететін белгі болмаған.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайын тәртіп сақшылары тексеріп жатыр.