jasqazaq.kz

Toyota миллионнан астам көлікті кері қайтармақ

05 қыркүйек 2018, 18:06

Жапониялық Toyota Motor миллионнан астам Prius және C-HR автокөліктерін жану қаупіне байланысты қайтарып алады, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі компанияның ресми өкілі Жан-Ив Жоға (Jean-Yves Jault) сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қайтарылатын 1,03 миллион автокөліктің 554 мыңы Жапонияда болса, 192 мыңы — АҚШ-та. Қалған көліктердің қай елдерге сатылғаны хабарланған жоқ. Компания өкілі бір рет көлік тұтану оқиғасының болғанын және ешкімнің зардап шекпегенін атап өтті. Toyota дерегі бойынша, қозғалтқыш пен басқару блогын жалғап тұрған сымдар уақыт өте келе ескіріп, қысқа тұйықталуға немесе жануға соқтыруы мүмкін. Автоөндіруші биыл мамырға дейін шығарылған барлық Prius көліктері мен C-HR моделінің гибридтік нұсқасын қайтарып жатыр. Toyota Prius соңғы нұсқасын 2015 жылы, ал C-HR көлігін 2016 жылдың желтоқсанынан бастап шығаруда.

inform.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді