jasqazaq.kz

Тoyota Camry-дың талқаны шықты

29 маусым 2020, 12:13

“Ақтөбе-Қостанай” автожолында “Тоyota-Camry 70″ автокөлігі аударылып қалды.

28 маусым күні сағат 10.30-да Түркістан қаласының тұрғыны “Тоyota-Camry 70” автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Қостанай қаласына қарай келе жатып, Әйтеке би ауданы, Әйке ауылынан 40 шақырым жерде “Қарабұтақ-Қостанай ” автожолының 231 шақырымында рульдік басқаруын игере алмай, көлік қозғалысы барысында кюветтің сол жағына аударылып кетуіне жол берген.

ЖКО салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті автокөлік-аса қауіпті құрал екенін еске салады. Сондықтан, автокөлікті басқара отырып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдап, жол, метеорологиялық жағдайларды ескеру, қарсы қозғалыс жолағына шығуға байланысты қауіпті маневрлерден бас тарту қажет.

Республикалық маңызы бар жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері алдын алу бағытындағы буклеттер таратады және түнде тоқтап, жолдан құрғауға болатын жерлерді көрсетеді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі рульде ұйықтау, қарсы бағытқа шығу, белгіленген жылдамдықты арттыру және т. б.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия