jasqazaq.kz

«Тоттенхэм» «Аяксты» жеңіп кетті (видео)

09 мамыр 2019, 10:46

Бүгін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шыққан екінші команда белгілі болды.

https://www.youtube.com/watch?v=qqlVPJzC3nY

Голландияда «Аякс» Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» командасын қабылдады. Англияда өткен алғашқы кездесуде голландықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан олардың финалға шығу мүмкіндігі басым болып тұрды. Былтыр «Аякс» командасына Эрик тен Хаг бас бапкерлік қызметке келді. Содан бері команда тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізе бастады. Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде Е тобында сынға түсті. Азулы «Бавариямен» екі мәрте тең ойнады. Екінші орынмен жарыстың 1/8 финалына шығып, онда Испанияның «Реал Мадрид» клубын орта жолда қалдырып кетті. Одан кейін ширек финалда Италияның «Ювентусын» жеңді. Енді Англияның «Тоттенхэм Хотспур» клубынан да басым түсті. Англияда өткен алғашқы кездесуде 1:0 есебімен ұтқан олар өз алаңында да ширек қимылдай білді. Бүгінгі кездесуде «Аякс» жылдам гол соғып кетті. Олар 5-минутта есеп ашты. Бұл голды Матейс де Лит шебер орындай білді. Ал 35-минутта таблода «Аякстың» басымдығын көрсеткен 2:0 есебі жанып тұрды. Сылбыр ойынымен финалға шығудан шет қалатынын түсінген «Тоттенхэм Хотспур» ойыншылары шабуылға көбірек көңіл бөле бастады. Нәтижесінде небәрі төрт минут ішінде алаң иелері қақпасына екі гол соғып кетті. Бұл гол 55 және59-минуттарда Лукас Моураның еншісіне жазылды. Ал ойынның бітуіне санаулы минуттар қалғанда ағылшындар жеңіс голын соқты. Бұл жолы да Лукас Моура мергендік танытты. Осылайша олар сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Айта кетерлігі, «Тоттенхэм Хотспурс» бүгінгі күнге дейін бірде-бір мәрте Чемпиондар лигасында жеңіске жетіп көрмеген екен. Сол олқылықтың орнын биыл толтыруға әбден болады. Енді олар финалда Англияның «Ливерпуль» клубымен шеберлік байқасады.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты