jasqazaq.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі су басу қаупі жоғары аймақтарды атады

22 ақпан 2022, 11:21

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы көктемде су басу қаупі бар аймақтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жауған қардың мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескере отырып, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды. Тәуекелі жоғары өңірлерге: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. Тәуекелі орташа аймақтарға: Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары кіреді», — деді ведомство басшысы. Айтуынша, күннің күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі, толассыз жауын-шашын сияқты құбылыстар аталған аймақтардағы жағдайды күрделендіруі мүмкін. «1 наурыздан кейін «Қазгидромет» РМК нақты болжам ұсынатын болады, соны ескере отырып, біз уақтылы жеткізу үшін министрліктің күштері мен құралдар топтамасын түзетеміз және қажет болған жағдайда резервтік топтарды қолданысқа енгіземіз», — деді Төтенше жағдайлар министрі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде