jasqazaq.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі қысқы дөңгелекке көшуге кеңес берді

23 қазан 2020, 14:17

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне қысқы шиналарға көшуге кеңес береді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

ҚР ТЖМ автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді. Өйткені күз мезгілінің келуіне орай жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі жиілейді.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша қарашада жауын-шашын болады (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел, сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет.

«Жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауа температурасының төмендеуінен, сондай-ақ жауын-шашын болған жағдайда жолдың бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы доңғалақтардың тежелу қабілеті нашарлайды. Осының салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін. Көліктің доңғалағын қысқы шинаға ауыстырмаған жүргізушілер тізгінге ие бола алмай, жолда күтпеген оқыс оқиғаларға тап болуы әбден мүмкін. Осылайша, олар өздерінің және жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді», — делінген хабарламада.

Күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ҚР ТЖМ ауа райының өзгеруі, метеорологиялық мәліметтерді, ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынады. Ескертулер кезінде ұзақ сапарға шықпағандарыңыз абзал.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия