jasqazaq.kz

Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

11 қыркүйек 2020, 14:25

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі болып Юрий Ильин тағайындалды.

Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын, делінеді жарлықта.
Бұған дейін оның кандидатурасы Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің отырысында келісілген болатын.

9 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы жарлыққа қол қойған.

Ильин Юрий Викторович 1968 жылы Куйбышев қаласында туған.

1989 жылы Алматыдағы И.С.Конев атындағы Жоғары қарулы командалық училищесін «Шынжырлы және доңғалақты көлік құралдарын пайдалану инженері» мамандығы бойынша бітірді, 2006 жылы — Қырғыз мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолы:

— Украинаның Сумск облысының 390 азаматтық қорғаныс курсының оқытушысы (07.1992 – 07.1993);

— Украинаның Сумск облысының 390 азаматтық қорғаныс курсының курс басшысының орынбасары (07.1993 – 08.1996);

— Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқу орталығының аға офицері (08.1996 — 06.1998);

— Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы (06.1998 – 06.1999);

— Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары (06.1999 -03.2005);

— Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары (03.2005 -12.2011);

— Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру бөлімінің бастығы м.а, (12.2011 -01.2012);

— Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру бөлімінің бастығы (01.2012 – 03.2013);

— Алматы қаласы әкімінің орынбасары (03.2013 – 10.2015);

— ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы (10.2015 – 04.2016);

— Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (08.04.2016 ж. бастап).

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия