jasqazaq.kz

Төтенше жағдайлар министрі: Алматыда алапат жер сілкінісі болу қаупі бар

06 желтоқсан 2021, 17:34

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматыда алапат жер сілкінісінің қаупі бар екенін растады.

Мәжілісте азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту мәселелеріне арналған үкімет сағатында депутат Дүйсенбай Тұрғанов Алматының сейсмикалық қауіпсіздік проблемасын көтерді.

«Сейсмологтар Алматыда үлкен жер сілкінісі болуы мүмкін деп ылғи ескертіп отырады. Ал сарапшылардың есебіне сәйкес, осы қалада алапат жер сілкінісі болса, адам шығын 400 мыңға дейін барады. Қаладағы нысандардың 60 проценті қирайды. Шығын көлемі 200 миллиард теңге болады деп отыр. Құрылыс талаптары жаңа сейсмикалық карталардың негізінде әзірленді ме?», — деп сұрады Тұрғанов.

Төтенше жағдайлар министрі Алматыда үлкен жер сілкінісі болу қаупін жоққа шығармады.

«Шынымен де, Алматыда кең ауқымды жер сілкінісінің қаупі бар. Негізі, қайтыс болатын және жарақат алатын адамдардың санына қатысты сарапшылардың ойы бір жерден шыққан жоқ. Себебі бағалаудың сан алуан әдістемесі бар. Мәселен, кеңестік заманның әдістемесі бойынша сіз айтқан адам шығыны болуы мүмкін. Ал JICA өкілдерінің есебі әлдеқайда төмен көрсеткішті айтып отыр», — дейді Ильин.

Министрдің айтуынша, бүгінде Алматыдағы барлық нысан паспортизациядан өтті. Жаңа сейсмикалық карталар да әзірленіп, тиісті органдарға берілді. Алматы әкімнің орынбасары Серік Құсайынов та осы мәліметті растады. Паспортизацияның нәтижесінде апаттық жағдайда тұрған үйлерді ысыру бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Алматыда мұндай 948 ғимаратты бұзу қажет.

«Зерттеуге сәйкес, Алматыда 7-8 балдық қатты жер сілкінісі болса, барлық ғимараттың 30 проценті қирап қалуы мүмкін. 370-385 мың адамға дейін қайтыс болуы ықтимал. Ал 10 балдық жер сілкінісінен кейін қалаға 2 триллион 479 миллиард теңгенің шығыны келеді «, — деді Құсайынов.

Stan.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр