jasqazaq.kz

Төтенше жағдайлар департаменті жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

06 ақпан 2019, 15:49

Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылығына жұмыс күнін қысқартуды ұсынды.

Қолайсыз ауа райына және аяздың күшейіп кетуіне байланысты, жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Астананың Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорындар (базарлар, СОСО), құрылыс нысандарына жұмыс күнін қысқартуды ұсынды. «Бұл ақпарат қаланы тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда өрт сөндіру, полиция қызметтері, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем қызметі, коммуналдық қызметтерге қатысты емес», делінген хабарламада. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша 6 ақпанда ауа температурасы -30 С, алайда -35 С болып сезіледі, жел екпіні 3 м/с. Құтқарушылар, төтенше жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертті. Кеше Астана әкімі Бақыт Сұлтанов барлық ұйымдардың басшыларына және жеке кәсіпкерлерге қарата аязда қалған жандарға көмек көрсетуге және жұмыс, оқу орындары, тұрғын үй-жайлардағы жылуға көңіл бөліп, далада тұрған адамдарға жылынуға рұқсат беруге, мүмкіндік болса бойын жылыту үшін ыстық шай беруге шақырған болатын. Сондай-ақ, аязға байланысты Астанадағы ЖОО-ларда сабақ қысқартылды. Сонымен қатар, елордалық аудан әкімдіктері қатты аязда қандай жерлерде жылынып алуға болатындығы жөнінде толыққанды ақпарат таратты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық