
Нұр-Сұлтан — Щучье автобанында пиротехникалық бұйымдар тиелген жүк көлігі отқа оранды. Салдарынан аспанға отшашу атылып, жол қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Күәгерлер отшашуды әлеуметтік желіге жарыса жариялауда.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Бурабай ауданында, Нұр-Сұлтан – Щучье тас жолының 212-ші шақырымында болғанын айтты.
«Пиротехникалық бұйымдар тиелген DAF жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, 30 шаршы метр аумақта шарпыған. Жүк көлігінің кабинасына зақым келмеген. Тіркеме толығымен жанып кетті. Өрт 22.05-те сөндірілді. Жол қозғалысы қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт болған жерде ТЖҚ-ң қызметкерлері жұмыс істеуде (19 қызметкер мен төрт бірлік техника)» — деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram