jasqazaq.kz

Төтенше жағдай – журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды

12 сәуiр 2020, 14:39

#үйдеотыр

11 сәуірде Атырау облысында КТК арнасы журналистерінің ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Аталмыш оқиғаға қатысты бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді.

Атап айтқанда кеше аймақ әкімдігі журналистердің карантин режимін бұзғаны туралы хабарлама таратқан еді.

«Елде қазіргі уақытта төтенше жағдай енгізілгенін, қатаң карантиндік шаралар қабылданғанын түсінеміз. Бәрі де қызметте. Алайда жергілікті билікті баспасөз жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамын. Біздегі ақпарат бойынша журналистер карантиндік шектеулерді әдейі бұзбаған. Төтенше жағдай — журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды. Журналистер қазір қауырт жұмыста, дұрыс ақпарат алу құқығымызды іске асыра отырып, алдыңғы шепте жүр. Ол туралы ұмытпайық», — деді Дәурен Абаев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия