jasqazaq.kz

Төтенше жағдай режимін бұзған әнші жазаланды

18 сәуiр 2020, 9:33

#үйдеотыр

Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әнші Арман Қоңырбаев жауапқа тартылды. Бұл туралы  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Полиция таратқан мәліметке сәйкес, әнші түнде Абай көшесінде орналасқан лаунж барда болған.

Жедел-іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары елдегі төтенше жағдайға қарамастан лаундж бардың жұмыс істеп тұрғанын анықтапты. Көңіл көтеру орнының әкімшілігі тек сенімді қонақтарды қабылдаған.

«ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабын (Төтенше жағдай режимiн бұзу) бұзғаны үшін 10 адам жауапқа тартылды. Оның арасында Арман Қоңырбаев та бар. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімімен Қоңырбаевқа 10 АЕК (26 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Әнші тәртіп бұзғанын мойындады», — делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, лаундж бардың иесі 1992 жылы туған Д. Жусупов та әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Лаунж барда ұсталған 2 адамға 10 АЕК (26 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Қалғандары 5-15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды», — делінген хабарламада.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі