jasqazaq.kz

Төтенше жағдай қызметкерлері коронавирус жұқтырған

21 сәуiр 2020, 10:04

#үйдеотыр

Шымкент қаласында төтенше жағдай қызметкерлері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде 1852 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.

«Ауруды жұқтырғандардың көбі Алматыда — 606, Нұр-Сұлтанда — 368, Қызылорда облысында — 149», — деді ол үкімет отырысында.

Осы орайда Елжан Біртанов өткен тәулік бойынша 141 жаңа науқас тіркелгенін, өсім деңгейі — 8,2 пайыз болғанын жеткізді.

«Ең көп науқас Алматыда — 82 науқас, Шымкентте — 23 науқас тіркелді. Алматы қаласы бойынша 82 науқастың 78-і жоспарланған скрининг-тесттің негізінде анықталды. Олардың 60-ы орталық қалалық клиникалық аурухананың ішіндегі науқастар және медициналық қызметкерлер. Шымкент қаласы бойынша 23 науқастың 16-сы скрининг бойынша анықталды. Олар — төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері. Қалғаны емделіп жатқан науқастар мен карантинде жатқан азаматтар», — деді министр.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі