jasqazaq.kz

Төтенше жағдай кезінде лотерея клубы жұмысын тоқтатпаған

06 сәуiр 2020, 12:34

#үйдеотыр

Алматы облысында төтенше жағдай тәртібін сақтамаған жеке және лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысының тәртіп сақшылары таңға жақын, қараңғылықты пайдаланып сағат 04:00-дер шамасында карантинге жабылған Алматы қаласының аумағына заңсыз өтпек болған Іле ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамалды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде қойылған шектеуге қарамай, кәсібін жүргізген тұрғындарды жауапқа тартты. Облыс орталығында лоторея клубы жұмысын тоқтатпаған 27 жастағы тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, карантин уақытында сағат 20:00-ден кейін саудаға тыйым салынса да, жабылмаған 4 сауда орны анықталды. Ал, Еңбекшіқазақ ауданының 41 тұрғынына карантин тәртібін бұзып, үйінен кетіп қалғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Өз кезегінде, облыстық полицейлер карантин уақытында тәртіпті, санитарлық талапты қатаң сақтауға шақырады. Коронавирус індетінің жаппай таралуының алдын алу мақсатында облыстағы барлық қала-аудандарда санитарлық бекет қойылуына байланысты сақтық шараларына түсіністікпен қарап, талапты орындау қажеттілігін ескертеді.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі