jasqazaq.kz

Төтенше жағдай кезінде көкпар тартқандар ұсталды

24 наурыз 2020, 15:56

Алматы облысында төтенше жағдайға қарамастан тұрғындар көкпар ұйымдастырған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл видео әлеуметтік желіні бақылау кезінде анықталған. Көкпаршылар Шамалған ауылының Жібек жолы көшесінде кешкі 17:00 шамасында көкпар тартқан. «Қазір бұл ойынды ұйымдастырған адам ұсталды. Ол 27 жастағы осы ауылдың тұрғыны болып шықты. Бұл кісі төтенше жағдайдың қаншалықты маңызды ахуал екендігін дұрыс түсінбеген сияқты. Ол көкпарды Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған. Сонымен қатар, тұрғындар заңға қайшы, яғни қара жолдың бойында додаға түскен», – деді Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр. Бұл дерек бойынша ҚР ӘқбК 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Қарасау аудандық әкімшілік сотына жолданды. Құқық бұзушының әрекетіне сот баға беретін болды.

inform.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі