jasqazaq.kz

Төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, бір әйел кепілге алынды

05 шiлде 2019, 14:01

 Қазір құқық қорғаушылар күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция жүргізіп жатыр.

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында орналасқан «Хан Тәңірі» аңшы лагерінде төтенше жағдай болды. Екі адам қаза болып, бір әйел кепілге алынды, тағы біреуі жараланды. Төтенше жағдай 4 шілде күні болған. Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен күзетшіге іздеу жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, 29 жастағы ер адам асханаға кіріп, лагер бастығының орынбасарына оқ атқан. Кейін лагерьде істейтін 31 жастағы жұмысшыны ішінен жаралаған. Осы сәтте ауылдың басқа тұрғыны күдіктіні ұстап алмақ болады. Алайда қаскөй пышақпен оның қолын жарақаттаған. Ер адам асханадан қашып шығып, аман қалыпты. Лагерь бастығының орынбасары оқиға орнында көз жұмды. Ішіне оқ тиген жұмысшы медициналық көмек алу үшін заставаға бара жатқан жолда жан тапсырды. Осыдан кейін күдікті обаға қарсы қызметтің 48 жастағы қызметкерін кепілге алып, белгісіз бағытта ізін жасырған. Бүгін милиция қызметкерлері әйелді босату және күдіктіні ұстау бойынша арнайы операцияны бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болған. Оқиға орнында ішкі істер министрінің орынбасары Мирлан Каниметов жүр, ол арнайы операцияны басқаруда.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда