jasqazaq.kz

Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11 ақпан 2020, 20:42

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның төрт облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

12-13 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с. 12 ақпанда күндіз, 13 ақпанда түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асады. 12 ақпанда күндіз таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Дауылдың болуы 85-90% ықтимал.

Таразда 12 ақпанда күндіз, 13-і түнде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа соғатын желдің күші шамамен 15-20 м/с болады, кей уақытта 25 м/с. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауылдың болуы 85-90% ықтимал.

Қызылорда облысында ертең күндіз жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі, күндіз бұрқасын болады. Дауылдың болу ықтималдығы 95-100%-ды құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында сәрсенбі күні түнде ауа температурасы 24-29 градусқа төмендейді, кей жерлерде 18 градус аяз болып, тұман түседі, күндіз қар жауады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында 12 ақпан күні күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыстан оңтүстік-батысқа екпіні 15-20 м/с жел соғуы ықтимал, кей жерлерде желдің ұйытқуы – 24-29 м/с.

Шымкентте ертең күндіз, қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Шығыстан оңтүстік-батысқа жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Желдің ұйытқуы – 25 м/с.

Түркістанда 12 ақпанда күндіз шығыстан оңтүстік-батысқа 15-20 м/с жел соғуы ықтимал. Желдің ұйытқуы – 25 м/с. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95%-ды құрайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия