jasqazaq.kz

Төрт қап есірткімен ұсталды (видео)

17 қазан 2019, 11:56

Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны 56 келіден аса марихуанамен  ұсталды

Бұл туралы  Тengrinews.kz Жамбыл облыстық полици департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  «Ағымдағы жылдың 11 қазанында «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Шу ауданы Бесқатын учаскесінің құмды аймағында Жамбыл облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жаңа-жол ауылының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Есірткі өткізушіні жалпы салмағы 56 келі 800 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты бар төрт қаппен есірткі сақтау орнын қазу кезінде ұстады», — делінген хабарламада.  Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  Каннабистік топтағы есірткіні дайындаумен және шығарумен айналысатын адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған «Көкнар-2019» жедел алдын алу іс-шаралары құрамында есірткі бар өсімдіктердің жетілу кезеңінде жоғары белсенділікпен жүргізіледі. Алдын алу шаралары барысында тәртіп сақшылары тек жеке дайындаушыларды ғана емес, сонымен қатар қылмыстық топтарды анықтайды. Осы бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасады.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда