jasqazaq.kz

Төрт баласын тастап кеткен қатыгез ана табылды

29 қараша 2017, 21:33

Жалдамалы пәтерде көздері жәутеңдеп қалған кішкентайларды көршілері ғана байқаған екен. Құзырлы орын өкілдері болса, қарындары ашқан бүлдіршіндердің пеш жағылмаған үйде қатты тоңып қалғандарын айтады. Олардың үлкені 7-де болса, ең кішкентайы 10 айлық. Ал, балаларын қараусыз қалдырған 26 жастаға ана, өзінің Шелек ауылына кетіп қалғанын сылтауратқан көрінеді.Бұл турал ktk.kz хабарлайды.

Көздері жәутең қаққан бүлдіршіндер бір күннен астам қараусыз қалыпты. Тіпті, үй ішінде емшектегі сәбидің ауызына су тамызатын тірі жан болмаған. Ал, жалдамалы пәтердегі балалардың жан дауысын естіген көршілер, дереу құзырлы орындарға хабар береді.

Алмагүл Дүйсебаева, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің қызметкері:

-Үйдің иесін шақырттық. Сол кісілердің айтуынша, бұл үйді әйелдің өзі емес, бірге тұратын Қадыржан деген кісі жалдаған екен. Ол кісінің туу туралы куәлігі ғана бар екен. Анасы 91-ші жылғы. Дүйісбаева Ботагөз аты-жөні. Жеке куәлігін таппадық. Сондай-ақ, баллардың да туу туралы куәлігін таппадық.

Балаларын қараусыз қалдырған ана бір апта бұрын Шелек ауылынан көшіп келген екен. Көршілері, олардың бойынан ешқандай оғаш қылық байқамағын айтады. Ал, суық үйде бүрсең қағып, аштықтан қалжыраған балалар аудандық ауруханаға жеткізіледі.

Гүлнар Құраметова, Еңбекшіқазақ аудандық орталық аурахана директорының орынбасары:

-Кеше төрт баланы алып келді. Үш қыз, бір ұл бала. Түрлерінен-ақ қараусыз қалғаны көрініп тұр. Барлық тексеурден өткіздік. Жағдайлары жақсы.

Аяғынан тік тұрған тәртіп сақшылары 26 жастағы безбүйрек ананы тауып, аудандық ішкі істер бөліміне алып келді. Оның айтуынша, Шелек ауылына сапарлап кетіп, ақшасының жоқтығынан кері жете алмаған көрінеді. Бірақ, балаларын не үшін тастап кеткенін түсіндірмей, күмілжи беріпті. Қазір аудандық қамқоршы орган өкілдері, балаларды қараусыз қалдырған әйелді ата-аналық құқығынан айыру мәселесін қарап жатыр.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды