jasqazaq.kz

Төрт баланың анасын жезөкшелікке жеккен

09 қараша 2018, 12:19

Ақтөбеде 5 қыркүйек күні 8-март көшесінің тұрғыны үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Алайда, 4 баланың анасы бұл райынан қайтқанымен, балконда жіпке ілініп қалады. Абырой болғанда, сол маңайда жүрген полиция қызметкерлері әйелді дер кезінде құтқарып қалған деп жазады aktobetimes.kz.

Оның мұндай әрекетке баруына жеңгетайлық қызмет көрсетіп жүрген Галя есімді әйел итермелеген. Ол сол күні 4 баланың анасын көгала етіп сабап тастапты.

2017 жылдың 22 наурызында Айша жеңгетайдан аяусыз таяқ жегені үшін полицияға хабар берген. Алайда, Галядан қорыққанынан, оның үстіне арыз жазбапты.

Жезөкшелікпен 10 жыл бойы күресіп жүрген полицияның қоғамдық көмекшісі Сәнімжан Шұғайпованың айтуынша, 46 жастағы Галя жеңгетайлықпен 1998 жылдан бері айналысып келеді екен.

«Менің білуміше, Галяның қарамағында 8 жезөкше жұмыс істейді. Оларды баратын үш саунаға ары-бері өзі тасиды. Бірақ сауна өзінікі емес, өздерінің сол жерде шоғырланған тобы бар. Ал вокзал маңайында жұмыс істейтін 10 және 15 жезөкшесі бар», – дейді полицияның қоғамдық көмекшісі.

Айшаның жағдайын естіген бойда Сәнімжан Ақтөбе облыстық ІІД-нің басшысы, генерал-майор Махамбет Әбісатовты өзі хабардар еткен. Ол бұл істі өз құзырына алыпты.

«Айша ендігіде балалары үшін қорықпайды. Бұл істің аяғына дейін баруды қолға алған. Мен Әбісатов пен оның орынбасарларына сенемін», – дейді Сәнімжан Шұғайпова.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді