
Ресейдің Тверь қаласының соты өзінің төрт айлық баласын тұншықтырып өлтірген анаға қарсы үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.
2018 жылдың 10 қарашасында әйел адам өзінің 4 айлық сәбиін үйде отырып, жастықпен тұншықтырып тастаған. Қатыгез ана бұл әрекетінен кейін өзі қол салмақшы болыпты. Дегенмен келіп жеткен дәрігерлер оны аман алып қалған.
24 қараша күні судья айыптаушы тараптын үкімімен келісіп, азаматшаны 11 жылға бас бостандығынан айырыпты.