jasqazaq.kz

Төрт ай бұрын жоғалған оқушының өлі денесі табылды

22 қазан 2018, 10:46

Алматы облысында 29 маусымда жоғалған Иса Бекбаевтың өлі денесі табылды. 13 жастағы оқушының мүрдесін сот-медициналық сараптамаға алып кетті.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, баланың мәйітін жергілікті тұрғын өзен жағасынан кездейсоқ көріп қалған. «Баланың денесі Үштөбе қаласындағы Қаратал өзенінің жағасынан табылды. Мәйітті сараптама жасау үшін мәйітханаға алып кетті», — деді А. Жұртбаев. Естеріңізге сала кетейік, 29 маусым күні жоғалған. Ол досымен балық аулауға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. 13 жастағы баланы облыс құтқарушылары 16 күн бойы іздеп, жұмыстары нәтиже бермеген еді. Сол себепті баланы іздеу тоқтатылғаны жөнінде оның ата-анасына ресми хат арқылы хабарланған. Бірақ баласы «Қаратал өзеніне ағып кетті» дегенге сенбеген ата-ана облыстық ІІД-ге арнайы барып, басшылығынан іздеуді кешенді түрде жүргізуді сұрады. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстары қайта жалғастырған болатын.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді