jasqazaq.kz

Төрт адамның мәйіті табылды

14 шiлде 2020, 20:03

Шымкентте жеке үйдің ауласындағы көліктен екі адамның мәйіті табылған. Оқиға орнына жеткен полицейлер үйдің ішінде тағы бір ер адам мен әйелдің мүрдесі жатқанын анықтаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық оқиға 12 шілдеде болған. Кешкі сағат 18:20 шамасында Қарабура көшесінің бойындағы нөмірсіз үйдің алдында белгісіз біреу «Toyota Corolla» маркалы автокөлігінің ішіндегі екі ер адамды атып өлтіргені анықталды. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнын тексеру барысында үйдің қақпасының алдында тұрған көліктен 32 және 40 жастағы екі ер адамның мәйітін тапқан. Олардың атыс қаруынан жарақат алғаны белгілі болған. Тәртіп сақшылары үйдің ішін тексеріп, 40 жастағы еркек пен 28 жастағы әйелдің денесін тапты.

«Оқиға орнында айғақты зат ретінде екі атыс қаруы, оқ-дәрі және қорғаныс құралы тәркіленіп алынды. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 99 және 287-бабы бойынша іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Казіргі таңда тергеу органы оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа деректер жарияланбайды» делінген хабарламада.

Бүгін, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық