jasqazaq.kz

Торғайда келіншек қасқырдың жемтігіне айнала жаздады

15 желтоқсан 2020, 11:29


 Торғай өңірінде 28 жастағы келіншекке қасқыр шапты. Түз тағысы әйелге тап беріп, қарын тұсынан тістеген. Абырой болғанда, келіншек аман қалды. Мұны жергілікті әкімдік өкілдері растады.
Көкжал Ақкөл ауылынан 30 шақырым жердегі қыстаққа келіп, сол маңдағы сойылған малдың ішек-қарнын жеген көрінеді. Үйден шыққан отанасына тап беріп, оны тістеп алған. Осы мезетте атпен қуған отағасына да жыртқыш қарсы атылған. Атты адамға шапқан қасқыр құтырған болуы мүмкін деген болжаммен аңшылар ізіне түсіпті.

Сызай қонысы біздің ауылдан 30 шақырым жерде. Шаруа қожалықтың қыстауы ғой. Қасқыр ауылға кіріп жатыр деген дерек жоқ. Тіркелмеген. Құтырған қасқыр ма, жоқ па, ол жағы нақты белгісіз. Соны тексеру үшін аңшылар шығып іздестіріп жатқан, — деді Ақкөл ауылдық әкімдігінің бас маманы Әсет Смағұлов.
Қасқыр тістеген келіншек дереу аудандық ауруханаға жеткізілді.

Оған құтырма дертіне қарсы екпе салынған. Денсаулығына қауіп жоқ, — дейді ақ халаттылар.  Қарнында тістің ізі қалғанын айтты. Қазір үйіне шығарылыпты.

baq.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия