jasqazaq.kz

Төреғали Төреәлінің концерті жаңалық па?

14 қазан 2017, 11:45

Төреғали Төреәлі бұрын-соңды болмаған шоу жасап, 5 күні бойы Республика сарайында тыңдармандарын әсем әнмен тербетсе, «Ұлы дала баласының» бұл кеші өзге әріптестері үшін жаңалық болмай отырған сынды.

 

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлады.

«Бізде концерт беріп жүрміз. Бір күнде 2 концерт немесе 2-3 күн қатарынан жеке концерт берген кездер де болды. Алдағы күндері еліміздің өзге аймақтарында қатарынан 3-4 концерт беруді жоспарлап отырмын. Жалпы, ел алдында бірнеше кеш беру кез-келген әнші үшін бақыт», – дейді Айқын Төлепберген.

Ал Гүлнұр Оразымбетова Ұлы дала баласынан қалыс қалмай, өзі де дәл осындай концерт бере алатынын жасырмады.«Дәл осы Төреғалидың концертін ұйымдастырған ұйымдастырушы болса, жасауға болады. Бәрін дайындап беріп тұр, тек өзі және дауысы бабында боулы керек, тіпті киімдерінде дайындап қойған. Егер дәл осындай ұйымдастырушы болса мен шаршамай, 5 емес, 1 апта концерт беруге дайынмын», – дейді әнші.
Ұлы дала баласының өнердегі әріптестері әншінің 5 күн қатарынан өнер көрсеткеніне таңданбаған да сияқты.

«Жалпы, 5 күн қатарынан концерт беру немесе бірнеше күн қатарынан концерт беру басқа елдегі жұлдыздардың тәжірибесінде бар. Мәселен, көрші елдегі Юлдуз Усманова бір бағдарламаны 32 күн, 41 күн қояды. Тіпті, шет елдік әншілер концерттік бағдарламаны үздіксіз бір жыл бойы қоятын кездер де болады», – дейді Тамара Асар.
Төреғали Төреәлінің жеке концертін сынағандар қатарында Мөлдір Әуелбекова да бар. Ол әншіге сын айтамын деп, өзінің сырын да айтып қойған сыңайлы.
«Менің концертім Төреғалидің концертінен басқаша болады. Енді екеуіміздің форматымыз екі түрлі. Мен мысалы концертті симфониялық оркестермен жанды дауыста беремін. Бәрі басқаша болады. Дайындық көп керек. Симфониялық оркестрмен кем дегенде 2 ай дайындық керек. Күнделікті, жанды дауыспен…», – дейді Мөлдір Әуелбекова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде