jasqazaq.kz

Төреғали Төреәлімен болған жағдайдан кейін әуежай қызметкерлері жазаланды

08 қазан 2018, 17:08

Төреғали Төреәлімен болған жағдайдан кейін Алматы әуежайының қызметкерлері жазаланды. Бұл туралы  Tengrinews.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы әуежайындағы авиациялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, ұшақ бортында бөтен адамның жүру дерегіне қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша әуежай мен әуекомпанияның бірнеше қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады комитет өкілдері. Комитеттегілердің мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайы Авиациялық қауіпсіздік комитеті тексеру бөлімшелерінің инспекторлары Ринат Рахымгереев, Абылай Қырғызбаев пен Шолпан Закирова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 570-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (48 100 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, «Эйр Астана» әуекомпаниясының жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі агент Карина Абдурахипова да жауапкершілікке тартылды. Ол да 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (48 100 теңге) айыппұл төлеуі тиіс. Еске сала кетейік, мұның алдында әуежай өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. Олардың сөзіне қарағанда, Төреғали Төреәлі отбасымен бірге ұшақ салонына кіріп кеткен, алайда ол жолаушы болмаған. Нәтижесінде Алматы — Гонконг рейсі кешіктірілген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді