
Ағалы-інілі аяқ асты көзден таса болыпты, ата-анасы тоңазытқыштан тапқанда бәрі кеш еді.
Sputnik жазғандай, Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Михайловка ауылында қайғылы оқиға болды. Төрт және алты жасар ағалы-інілі аулада ойнап жүріп, аяқ асты жоғалып кеткен.
Балаларды жергілікті уақыт бойынша 11:55-те іздей бастайды, өкінішке қарай, бес сағаттан соң бір-ақ тапқан. Ағайындылар ауладағы ескі тоңазытқышқа қамалып қалыпты.
Бастапқы деректер бойынша, балалар ойнап жүріп, тоңазытқышқа кірген. Ауыр есік, қатты жабылып қалған соң, екеуі ішінен аша алмапты.
Қайғылы оқиға 3 маусымда болған.