jasqazaq.kz

Тонаушылар Арбатта ұсталды. Жапа шеккендер полицияға xабарлассын (Фото)

26 сәуiр 2021, 14:06

Алматы Арбатында жүрген қаскөйлер тобы ұсталды.

Алматылық полицейлер қала орталығында жүрген бір топ ер адамды әшкереледі және ұстады. Оны 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны басқарды.

Қаскөйлердің бірнеше тонау жасағандығы анықталды. – Айыпталушылар қараңғыда, өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып ұялы телефондары мен бағалы заттарын алып, кейін қаланың әртүрлі ломбардтарында сатқан. Күдіктілер жедел іс-шаралар жүргізу барысында ұсталды. Біз көрсетілген алаңдағы криминалдық полиция бөлімшесінің жұмысын, бірнеше күн ішінде жасалған екі ұқсас қылмысты талдау арқылы күшейттік. Тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімі толығуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз: мүмкін тоналған адамдар қандай-да бір себептермен полицияға көмекке жүгінбеуі де мүмкін. Қылмыстың қаруы – пышақ тәркіленді, – деп хабарлады Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарлауға шақырады: 8-702-430-02-22; 8-778-620-82-16 және 8-775-774-44-41.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия