jasqazaq.kz

Томирис Байсафаның өліміне қатысты күдікті ақыры ұсталды

29 шiлде 2020, 21:19

Мәскеуде биіктен құлап өлген қазақ қызы Томирис Байсафаның өліміне қатысты күдікті ақыры ұсталды! Тергеу мәліметіне қарағанда, ол Дағыстанның бұрынғы Үкімет басшысының баласы Муртузали Меджидов. Экс-премьердің ұлы істің басында-ақ күдікті атанған. Алайда көп ұзамай куәгер боп шыға келді. Енді арада екі жыл өткенде Меджидовтың қолына қайта кісен салынған. Бұл туралы КТК телеанрасы хабарлады.

Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы үйінде жатқан жерінен ұсталып, арнайы күзетпен полиция бөлімшесіне жеткізіліпті. Бұл туралы Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр. Мәліметтерге қарағанда, Муртузали Меджидовке «Кісі өлтіру» бабымен айып тағылған. Атышулы іс осы уақытқа дейін «суицидке итермеледі» деген баппен тергеліп келді. Томирис терезеден құлаған күні қыз бен осы жігіттің аудитория ішінде қызыл кеңірдек боп ұрысқанын көрген студенттер бар. Одан қалды, қазақ қызы мен дағыстандық бай баласының екі жыл жақын қарым-қатынаста болғаны да айтылған. Дағыстанның бұрынғы Үкімет басшысының баласы енді ресми түрде күдікті саналып, сотқа дейін қамақта болады делінген. 2018 жылдың сәуір айында Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан сонда оқып жүрген жерлесіміз Томирис Байсафа құлап кеткен болатын. Ауыр жарақат алған қыз сол күйі есін жимастан қайтыс болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде