jasqazaq.kz

Төле, Қазыбек, Әйтеке үш бидің есімі тау шыңына берілді

13 тамыз 2018, 15:21

Бұл туралы Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында «Бұл – біздің таулар!» атты тау фестивалінің жабылу салтанатында белгілі болды.
Baq.kz жазғандай, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен фестивальді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Түркістан облыстық альпинистер федерациясы ұйымдастырды.
«Бұл – біздің таулар!» фестивалі 2018 жылы үш биге арналды. Атап айтсақ, облыстағы 3 биік шыңға Төле, Қазыбек, Әйтеке бидің есімі берілді. Бұрын Студентов (3750 м) деп аталған шың енді Әйтеке би шыңы деп аталса, Кергели узловая (3787 м) шыңына Қазыбек бидің есімі берілді. Ал Рощина (3860 м) шыңы енді Төле би шыңы деп аталады. Фестивальде Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан жиналған 30-ға жуық альпинистің 15-і аталған шыңдарды бағындырды.


Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен фестивальдің маңыздылығына тоқталып, альпинистерді Алғыс хатпен марапаттады. Өз кезегінде, Түркістан облыстық альпинистер федерациясының президенті Бақытжан Асанов туризмді дамыту бағытындағы мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Іс-шара барысында велошеру, ұлттық ойындардан сайыстар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ел ағалары ұлы тұлғалар туралы деректер айтып, ақ баталарын жаудырды. Тау баурайында үш бидің құрметіне ас беріліп, патриоттық әндер шырқплды. Фестивальге жиналған көпшілік Төле би ауданының табиғатына тамсанып, ішкі туризмді дамытуға үлес қосып қайтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде