jasqazaq.kz

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы қашан өтетіні анықталды

28 қыркүйек 2020, 17:43

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында Фукусима префектурасында басталады және 121 күнге созылады. Бұл туралы Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап olympic.kz сайты хабарлайды.

Олимпиада алауының эстафетасы Фукусимадағы футбол орталығында басталып, кейін Жапонияның 47 префектурасында болады.

«Токио -2020» ұйымдастыру комитеті коронавирус індетіне байланысты қауіпсіздік талаптарын күшейтеді деп күтілуде. Одан бөлек, ұйымдастырушылар Олимпиада алауы эстафетасын мейілінше жеңіл өткізудің жолдарын қарастырып жатыр.

Еске салайық, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Жапонияда 2020 жылдың жазында өтуі тиіс болатын. COVID-19 пандемиясына байланысты Ойындар кейінге шегерілді. Соған қарамастан, Олимпиаданың «2020» жазуы сол күйі сақталып қалды.

Халықаралық олимпиада комитеті белгілеген Токио Олимпиадасының жаңа датасы – 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – бұрын-соңды болмаған ең инновациалық Олимпиада болады. Онда 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиада-2020-ға жаңадан бес спорт түрі енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг.

Бүгін, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді