jasqazaq.kz

Токио Олимпиадасына бөлінген бюджет қаражатына аудит жүргізіліп жатыр

12 қазан 2021, 17:33

Қазақстанның Есеп комитеті Токиода өткен Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін тексереді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Есеп комитеті Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіп жатыр», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Бұған дейін 2020 жылы Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мемлекеттен 10 миллиард теңгеден астам қаржы алғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Токио-2020 Олимпиадасына Қазақстаннан 96 спортшы барған. Бұл ойындарда республика құрамасы 8 қола медаль жеңіп алды.

1996-2021 жылдар аралығында қазақстандықтар барлығы 72 медаль жеңіп алды: 15 алтын, 21 күміс және 36 қола. Биылғы нәтиже – сегіз қола медаль ел тарихындағы ең нашар көрсеткіш болды.

Тамызда Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді. ҰОК келесі ойындарға дейін қателіктерді түзетуге уәде берді.

Айта кетері, Токио Олимпиадасында көзге түскен қазақстандық спортшылар мен олардың бапкерлері жалпы сомасы 577 миллион теңге немесе 1,3 миллион доллар көлемінде сыйақы алады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия