jasqazaq.kz

Токио Олимпиадасы екі жылдан кейін өтуі мүмкін

11 наурыз 2020, 17:18

Қазір коронавирусқа байланысты спорт ойындары көрерменсіз өтіп жатқаны белгілі. Тәжвирус көптеген спорт додаларына әсер етуде. Осы жазда өтуі тиіс Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты бір немесе екі жылдан кейін өтуі мүмкін. Бұл туралы жапониялық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харуюки Такахашиге сілтеме жасап Wall Street Journal мәлімдеді, —  деп жазды Tengrinews.kz.

«Жазғы ойындарды өткізбей қоймай, уақытын шегеретін шығар. Олимпиада өтпейтін болса, ХОК қиын жағдайда қалады», — деді Такахаши.

Комитет мүшесінің айтуынша, Олимпиаданы келесі жылы өткізу қиын болады, себебі ол кезге маңызды спорт сайыстары жоспарланып қойған. Сондықтан ол Жазғы ойындарды екі жылдан кейін өткізген дұрыс деп санайтынын айтты.

Токио Олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтеді деп жоспарланған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия