jasqazaq.kz

Тоқтар Әубәкіров қолы жетпеген қазақ қызы мен орыс әйелі жайлы сыр шертті

23 қантар 2019, 14:53

Тоқтар Әубәкіров жас кезінде қазақ қызына ғашық болған. Онымен 10 жылдай араласып, хат алысып, кейіннен басқа аруды жар еткен. Алғашқы махаббатының әкесі екеуінің қосылуына қарсы болыпты.
Бұл туралы “Астана” арнасының “Мақпал мекен” жобасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Әкесі қарсы болды. Кейінгі жылдары ол кісімен кездестік. Қазір телефонмен тауып алу оңай ғой. Ол кісі: – Әкем олай айтуға тиісті емес еді, – деді. Себебі әкем мені жақсы көруші еді, деді. Бірақ өз құлағыммен естідім телефон арқылы. Ол кісі қарсы шығып еді. “Қаңғырып жүрген балаға менің беретін қызым жоқ” деген. Мен ол кезде сонау Қиыр Шығыста жүргенмін. 21 жасымда сол кісімен таныстық. 31-ге дейін 10 жыл хабарласып тұрдық, бірақ бұйырмады. Ол кісі мен үйленген соң бір жылдан кейін тұрмысқа шықты. Екі баласы бар, Құдайға шүкір, немерелерін көрді”, – деп ағынан жарылды қазақтың тұңғыш ғарышкері.

Бұдан кейін Тоқтар мырза орыстың Татьяна есімді қызына үйленген. Күні бүгінге дейін сол кісімен бір шаңырақ астында тұрып келеді. Айтуынша, бүгінгі жеткен жетістігіне Татьянаның қосқан үлесі зор.

“Жақсы әйел жаман күйеуін төрге отырғызады. Мен де Құдайға шүкір жаман емеспін. Бірақ ол кісі менің төрге отыруыма көп әсер етті. Өзі орыс болса да, Қазақстанға көшу керек деп маған тыныштық бермеді. Енді ол әрбір кісіге берілмейтін сезім. Осында келген соң, кішкентай балаларды, немерелерімді “қазақ мектебіне беріңдер” деп бүгінгі күнге дейін балаларымның құлағына құйып жүрген сол – Татьяна Михайловна”, – дейді Тоқтар Әубәкіров.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда