jasqazaq.kz

Тоқал болудан бас тартқан қызды әйелінің көзінше сабаған (видео)

19 наурыз 2021, 11:10

Ақтөбелік тұрғын танысын алып қашып кетіп, оны тоқалы болғысы келмегені үшін әйелі мен балаларының көзінше бірнеше сағат бойы ұрып-соққан. Облыс орталығында болған бұл оқиға жұрттың жағасын ұстатты. Бұл туралы «Астана» телеарнасының сюжетінде айтылады.

Бұл жайттан кейін зардап шеккен адам ауруханада бірнеше күн жатқан. Аты-жөнін атағысы келмеген ол журналистерге ер адаммен кездесіп жүргенін, бірақ бір жарым жыл бұрын оның әйелі барын білгенін айтып берді.

Бұдан кейін ол бірден байланыс үзгісі келген, алайда ер адам оған маза бермеген. 8 наурызда ол үйіне келіп, шығуын өтінеді. Мерекемен құттықтаймын деген сылтау айтқан. Оқиға осы кезде болған.

«Үйіне алып қашып кетті, әйелі мен балаларының көзінше ұзақ уақыт бойы ұрып-соқты. Арақ иісі аңқып тұрды», — дейді зардап шеккен қыз.

Қыздың айтуынша, ер адам оны төсінен, басынан ұрған. Алайда оның әйелі жедел жәрдем мен полиция шақыртпаған. Күйеуінің ата-анасына хабарласқан. Ата-анасы келіп, ұлының ашуын басуға тырысқан, тоқал болғысы келмеген қызды үйіне жеткізген. Ал таңертең ол полицияға барып, арыз жазған.

«Осы іс бойынша сол күні зардап шеккен азаматшаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жиналған материал сотқа жолданды», — деп пікір білдірді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сот шешімі екі бұрын шыққан. Ер адамға 30 мың теңге айыппұл салынған.

Ал зардап шеккен қыз бұл үкіммен келіспей отыр. «Олар өз ісін білмейтін адамдар деп ойлаймын, сот шешімімен келіспеймін. Кек алғым келеді, жазаланғанын қалаймын», — деді ақтөбелік. Ол сот үкіміне шағым түсіретінін мәлімдеді.

Зардап шеккен адаммен құқыққорғаушылар да келісіп отыр. Олар қылмысты дұрыс бағамдалмаған деп, абюзер қоғамға қауіпті болуы мүмкін екенін айтады.

«Неге қылмыстық іс, адам ұрлау, бостандықтан заңсыз айыру отбасылық-тұрмыстық қақтығыс бола қалды?! Судья, учаскелік полицейлер, прокурорлар! Неге бұрынғы сүйіктісін сабап, миы шайқалғанға дейін ұрып-соғып, адам ұрлауына құқығы бар деп есептейсіздер?» — дейді «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының өкілдері.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия