
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты бүгін 20:30-да Qazaqstan Ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат береді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялады. Бүгінде екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр.
Осы мәселеде Берік Уәли Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді.