jasqazaq.kz

Тоқаев: Жаңа компанияларымызды қазақ тілінде атауымыз керек

08 қазан 2019, 13:11

Бизнеске кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды жою қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бизнеске кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды жою қажет. Кәсіпкерлер үшін инженерлік желілерге қосылу айтарлықтай проблема болып отыр. Жер учаскелерін жалға беру аукциондарында коммуникацияларға қосылуға техникалық мүмкіншіліксіз жиі ұсынылып жатады. Немесе құрылыс барысында бұрын берілген шарттар өзге шартқа өзгертіледі. Мысал келтіре кетейін, «Premium Development Life Park» ЖШС-да электр көзіне қосылуда проблема болды. Атауы өте қызықты екен. Жалпы, бұл компанияның атауы неліктен қазақ тілінде болмайды? Біз жаңа компанияларымызды ең алдымен, қазақ тілінде атауымыз керек. Бұл мәселені назарға алу керек«,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының дерегінше, аталған компания қосылуы тиіс электр желісі «Сарыарқа« велотрегінің аумағында болған. Ал велотрек басшылығы компанияны өз аумағына жібермеген. »Велотрек басшылығы жоғары вольтты жабдықтар мен кабельдерді «Астана РЭК» АҚ-ның балансына беру қажеттігін айтқан. Осындай әуре-сарсаңның салдарынан жеке қаражатқа салынған жалпы ауданы 30 мың шаршы метрді құрайтын 340 пәтерлік тұрғын үй 8 ай бойы пайдалануға берілмеген. Бұл – жол беруге болмайтын жағдай деп есептеймін. Бөлінген учаскі барлық желілерге қосылып, дайын болуы тиіс. Алтай Сейдірұлы, инженерлік желілерге қосылу мәселесін тәртіпке келтіру қажет«, — деді ҚР Президенті елорда әкімі Көлгіновке қарата.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда