jasqazaq.kz

Тоқаев: «Жала жабу» қылмыс қатарынан шығарылады

20 желтоқсан 2019, 15:55

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық кодекстің 130-бабы «жала жабуды» қылмыс деп танымау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мен Қылмыстық кодекстің 130-бабын декриминизациялап, оны Әкімшілік кодекске ауыстыру туралы шешім қабылдадым», — деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Қылмыстық кодекстің 130-бабында көзделген «жала жабуды» қылмыс қатарынан шығару мәселесі ұлттық кеңестің алғашқы отырысында да көтерілген болатын. Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылардың дені мұны қолдаса, кейбірі бұл норманың сақталуын талап етті.

Қолданыстағы Қылмыстық кодексте 130-баптың 1-тармағы бойынша жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқаны үшін 1000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiн бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Ал көпшiлiк алдында немесе БАҚ, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет үшін 2 мың АЕК айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде