jasqazaq.kz

Тоқаев: Жайылымдық жердің тапшылығы қағаз бетінде ғана азайған

08 ақпан 2022, 14:31

Жайылымдық жерлердің тапшылығын шешу жолында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер көзбояушылыққа жол берген. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен бос жатқан жайылымдық жерлерді тезірек қайтарып алып, оны ауыл тұрғындарына беруді тапсырған болатынмын. Қазір халық үшін айрықша маңызы бар жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ бұл жерде де Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер көзбояушылыққа жол берген. Министрлік жайылымдық жерлердің тапшылығы 6,8 млн гектарға немесе 32 пайызға азайды деп мәлімет беріп отыр. Бұл шаруа қожалықтармен меморандумға қол қоюдың және елді мекендердің аумағын кеңейтудің арқасында мүмкін болды. Алайда Бас прокуратураның тексерісі көрсеткендей бірқатар өңірде жайылымдық жерлердің тапшылығы әлі де азаймаған»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ақмола, Атырау және Қостанай облыстарында ауыл тұрғындарына «малын фермерлердің жеріне жаюға рұқсат беріледі» деген жалған меморандум жасалғанын атап өтті.

«Шын мәнінде жайылымдық жердің тапшылығы қағаз бетінде ғана азайған. Бұдан бөлек, халықтың жайылымға деген сұранысын төмендетіп көрсете бастаған. Үкімет неге бұған көз жұма қарап отыр?! Мұндай әрекеттер ауыл халқының наразылығын өршітпесе, кемітпейді. Үкіметке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырамын», — деді Президент.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде