jasqazaq.kz

Тоқаев ұлттық кеңестің мүшелері неге ауысқанын түсіндірді

03 наурыз 2020, 17:39

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы неге жаңарғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында кеңес мүшелері алмастырылды. Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді. Кеңестің бұрынғы мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін», — деп жазды президент твиттерде.

Айта кетсек, президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне жаңа адамдар қосылды.

Олар:

​белгілі қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл;
белгілі заңгер, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов;
қоғам қайраткері, «Мазмұндама» ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан;
Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков;
«Талбесік» көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі, журналист Ләззат Қожахметова;
заңгер, «Ізгілік елшісі» республикалық еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова.
Ротация аясында адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, балалар омбудсмені Аружан Саин, бұрынғы бизнесмен-омбудсмен Болат Палымбетов, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев, саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай, Қазақстан даму банкінің басқарушы директоры Асқар Әміртаев ұлттық кеңестің құрамынан шығарылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия