
Үкіметтің кеңейтілген отырысы Мемлекет басшысының төрағалығымен өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі 12 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлады.
«Отырыста еліміздің 2022 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің орындалу барысы және үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы есеп қаралады», — делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.