
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты, — деп хабарлайды Ақорда сайты.
Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан бірінші кеңейтілген үкімет отырысы. Осыған дейінгі кеңейтілген отырысы Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев министрлердің жұмысын сынға алған еді.