jasqazaq.kz

Тоқаев: Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайтын уақыт емес

22 қазан 2020, 14:23

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қойылған жоспарлар мен мақсаттарды айтты.

«Келесі жыл — Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, ол экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, адамдардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, экологияны қорғау белгісімен өтуі тиіс.

Қазір осы маңызды тарихи күнге орай көптеген салтанатты іс-шара өткізетін уақыт емес, істі ұзақ уақытқа қалдырмай, біз ең қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуге міндеттіміз», — деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында.

«Бұл жыл әлі аяқталған жоқ. Бірақ қазірдің өзінде ол бүкіл адамзат тарихында ерекше болды деп айтуға болады. Әлем күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр. Коронавирус пандемиясы халықаралық қатынастардағы көптеген проблеманы көрсетті, экономикалық өзара іс-қимылдың белгіленген қағидаларын қайта қарауға әкелді, жаңа әлеуметтік үрдістердің негізін қалады және технологиялық инновацияларды өзектендірді», — деді Тоқаев.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия