jasqazaq.kz

Тоқаев: Судьялар қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет

23 қазан 2020, 12:33

Еліміздің судьялары қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Сот жүйесін реформалау саласында айтарлықтай ілгерілеу болуы үшін ең алдымен судьялардың кәсібилігіне, әділ сот пен сот ісін басқарудың сапасына негізделген түбегейлі жаңа тәсілдерге бет бұруымыз керек. Сондықтан біз мынадай басым бағыттарға ерекше мәне беруміз қажет. Бірінші — адам құқықтары және заңның үстемділігі. Әлемдегі алпауыт елдердің тұрақты дамуы адам құқықтарын қорғау және заңның үстемдік ету мәселесіне тікелей байланысты. Судьялар корпусы өздерінің күнделікті жұмысында осы ұстанымдар мен құндылықтарды басшылыққа алуға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент суьяларымыз адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керектігін айрықша атап өтті.

«Еліміздің судьялары ұдайы түрде кәсіби біліктіліктерін арттырып, жұмыс тәсілдерін жетілдіріп, қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет. Бұл үшін сот саласындағы өзекті халықаралық үдерістерді ескеріп, судьялардың халықаралық қауымдастығымен тығыз байланыс орнату маңызды», — деді Мемлекет басшысы.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия