jasqazaq.kz

Тоқаев ШЫҰ отырысына қатысып жатыр

14 маусым 2019, 12:07

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19-шы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің отырысына қатысып жатыр. Отырыс Бішкектегі Ала-Арча резиденциясында өтіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысады. ШЫҰ кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті аймақтық және Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз сөйлейді.

Сонымен қатар саммитке қатысуға 11 елдің басшылары жиналды. Олардың қатарында: Ресей, Қазақстан, Қытай, Тәжікістан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан бар. Шараның бақылаушылар ретінде Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия президенттері атсалысып жатыр. Сондай-ақ ел басшылары қосылып суретке түсті. Осыдан кейін мемлекет басшылары арасында жеке отырыс өтті. Саммиттегі жаңалықтарыды жариялау үшін 500-ден аса жергілікті және шет елдің журналистері жиналды. Самиттің күн тәртібінде экономика, көлік, сауда келісімі және басқа да салалар бойынша мәселелер қаралуыс тиіс. 2020 жылы ШЫҰ Ресейде болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде