jasqazaq.kz

Тоқаев: «Шыңғыс хан қай рудан шықты?» деген талас-тартысты қою керек

16 қараша 2022, 16:38

16 қараша күні Алматы халқымен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір зиялы қауым өкілдерінің ісін сынға алып, бос әңгімелерді тоқтатып, озық болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінде академик Асқар Жұмаділдаев айтқан пайыммен толық келісетінін, халқымыз осындай күрделі заманда ең алдымен, әлемге прагматикалық көзбен қарауы керек екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

Бос әңгімелерді тоқтату қажет. Мысалы, Шыңғыс хан қай рудан шықты деген талас-тартысты қою керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда зиялы қауымның кейбірі шетінен тарихшы, шыңғыстанушылар болып кетті. Мұның қоғамымызға пайда әкелеріне күмәнім бар.

«Жастарымыздың санасы сергек, еті тірі, ширақ болуы қажет» деген Президент көрші мемлекеттердегі жас азаматтар шетелге барып, кәсіпорындар, дүкендер ашып, жақсы өмір сүру үшін жаңа дағдыларды игеріп жатқанын тілге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Олар, шын мәнінде, бәсекеге қабілетті, еңбекқор адамдар. Қазіргі жағдайда мен бір жерде өмір сүремін, туыстармен өмір бойы бірге тұрамын деген ұғым әбден ескірген.Сондықтан, құрметті ағайын, бәріміз озық болайық!»

Мемлекет басшысының пайымдауынша, сонда ғана жастарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу, ойлары ұшқыр болады, көптеген сын-қатерге төтеп бере алады. Өз жағдайын өздері жасап, жақсы өмір сүре алады.

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта