jasqazaq.kz

Тоқаев шекарадағы бақылауды күшейтуді тапсырды

07 қазан 2020, 14:25

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемияға байланысты ахуалды және коронавирустың екінші кезеңіне дайындық бойынша жиын өткізді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

«Бүгін біз еліміздегі эпидемияға байланысты ахуалды және коронавирустың екінші кезеңіне дайындық барысын талқылау үшін жиналып отырмыз. Алғашқы кезеңде жіберілген қателіктерді талдауға уақытымыз жеткілікті болды. Жалпы, эпидемияға қарсы күрес кезінде біраз тәжірибе жинадық. Бұл тәжірибені мейлінше тиімді пайдалануымыз керек.

Жалпы Үкімет осындай күрделі ахуалда өз жұмысын тиімді, сәтті жүргізуде. Баршаңызға аян, қазір көптеген елде санитарлық ахуал күрделеніп барады. Бұл – коронавирус індеті қайта өршиді деген сөз. Біз бұған дайын болуымыз керек», — деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол шекарадағы бақылауды күшейту керегін айтты.

«Шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде бақылауды күшейту қажет.

Әуежайларда және теміржол вокзалдарында эпидемиялық бақылаудың қатаң режимін қалпына келтіру, «қызыл аймақтан» келетін адамдарды жедел тестілеуді жолға қою қажет», — деді Тоқаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде