jasqazaq.kz

Тоқаев саясатпен айналысып жүргендер туралы: Жылдар бойы үнсіз болып, қазір фейк таратып жатыр

01 наурыз 2022, 13:42

Қасым-Жомарт Тоқаев жылдар бойы үнсіз болған, саясатпен айналысып жүрген кейбір адамдар неше түрлі қауесет таратып жатқанын мәлімдеді.

Президент партия белсенділері заманауи ақпарат құралдарын пайдаланып, саясатты жан-жақты түсіндіруі керек екенін айтты.

«Жылдар бойы үнсіз болған, саясатпен айналысып жүрген кейбір адамдар, қазіргі жылымықты пайдаланып әлеуметтік желіге жаппай шыға бастады. Олар ақпараттық кеңістікті жаулап алды десе болады.

Неше түрлі қауесеттер, жалған ақпарат тарап жатыр. Мұндай ахуал елді адастыруы мүмкін. Ашығын айтсақ, біздің жоспарларымызды, қолға алып жатқан іс шараларымызды көбі біле бермейді. Партия белсенділері заманауи ақпарат құралдарын пайдаланып, саясатымызды жан-жақты түсіндіруі керек», — деді ол Nur Otan (Amanat) партиясының кезектен тыс съезінде.

Тоқаев ол үшін ең басты құндылық — Қазақстанның тәуелсіздігі екенін және мемлекет басшысы ретінде еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық