Қазақстанда әлемнің дамыған елдерінде кеңінен таралған салықтық кредит сынды құрал енгізу қажет. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінде айтты. Бұл туралы Ақорданың Twitter-інде хабарланды.
«Біздің заңнамамызда дамыған елдерде кеңінен таралған салықтық кредит сынды құрал жоқ. Оны Салықтық кодекске енгізетін уақыт жетті деп есептеймін. Жаңа кәсіпорын 3- 5 жыл мерзімге инвестициялық салықтық кредит алу мүмкіншілігіне ие болуы тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.