jasqazaq.kz

Тоқаев: Салық халықтың ақшасы екендігін есте ұстау керек

24 қантар 2020, 15:01

Салық халықтың ақшасы екендігін есте ұстау керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Фискалды саясат байыпты түрде жаңғыртуды қажетсінеді. Оның басты міндеті — бюджет кірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұлттық табысты әділ бөлу, экономикалық өсім құрылымы мен сапасын жақсарту. Жаңа салық кодексі, жаңа кеден кодексі қабылданып, қолданысқа енгізілді. Үкіметке еркін экономикалық аймақтарды басқару өкілеттігі берілді. Қандай нәтижелеріміз бар?», — деп тоқталды Мемлекет басшысы. Қазақстан Президентінің атап өтуінше, белгілі бір саланың дамуындағы проблеманы шешу үшін салықтық жеңілдіктерді қолдану жаппай әдетке айналған. «Әрине, саланы жүйелі түрде дамытуға, өткізу нарықтарын құруға, салалық реттеуді жөнге келтіруге қарағанда салықтық жеңілдіктер беру жеңіл әрі жылдам. Бірақ, салық халықтың ақшасы екендігін есте ұстау керек. Оның есебінен жалпы мемлекеттік ұзақмерзімді тапсырмалар, қорғаныс, медицина, білім беру және басқалары орындалады. Салықтық жеңілдікті жекелеген салалар мен кәсіпорындар алып отыр», — деді Мемлекет басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде